«Әлихан Мақсұт атындағы RoboZerde-2025» І Халықаралық робототехника фестивалі

«Әлихан Мақсұт атындағы RoboZerde-2025» І Халықаралық робототехника фестивалі жеңімпаздары анықталды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны», дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы, «Зерде» мамандандырылған лицей, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Аstana IT University, Астана қаласының «Роботек» білім беру робототехника мектебі, «Kaz ROCKETS» қоғамдық қоры ұйымдастырған осы дүбірлі додаға #87 мектеп-гимназия командасы қатысып, жүлделі орындар иеленді. Іl орын - Аянұлы Сұлтан Нұржанов Мансур Жетекшісі: Тлеубаева Зауре Кабатаевна Жүлде қоры: 70000 тг Жеңімпаздар және жеңіс тұғырынан көрінуге себепші болған жетекші ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!